Қазақстан автобизнес қауымдастығы маусымда автокөлік сату көлемінің өскенін хабарлады, бұл айда 11 418 жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік, сондай-ақ 436 жүк көлігі мен автобус сатылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қостанайлық Chevrolet 4104 көлік сатты (өткен жылдың маусымымен салыстырғанда +35%), алматылық Hyundai маусымда 2529 көліктің кілтін тапсырған (+29,9%), ал Kia көліктері үшінші орынды иеленді – 1316 бірлік (-10,4%).
Lada дилерлері 1112 автокөлікті (+8%) сатты. Ең көп сатылатын брендтердің бестігін Toyota түйіндеді – 756 бірлік (-45,6%). Одан әрі тізімде: Lexus (333 бірлік; +120,5%), Chery (312 бірлік), Jac (306 бірлік), Exeed (133 бірлік) және Renault (66 бірлік).
2022 жылдың маусымындағы ең танымал моделдердің ондығы:
1.
Chevrolet Cobalt (2535 бірлік),
2.
Chevrolet Nexia (1157 бірлік),
3.
Hyundai Tucson (727 бірлік),
4.
Kia Sportage (566 бірлік),
5.
Hyundai Elantra (530 бірлік),
6.
Hyundai Sonata (519 бірлік),
7.
Lada Granta (512 бірлік),
8.
Kia Soul (342 бірлік),
9.
Toyota Land Cruiser Prado (314 бірлік)
10.
Hyundai Santa Fe (301 бірлік).
Қай қалаларда көлік көп сатылды?
Маусым айында жаңа көліктердің басым бөлігі Алматыда (3007 бірлік), Нұр-Сұлтанда (2474 бірлік) және Шымкентте (1393 бірлік) сатып алынды. Алғашқы ондыққа Қарағанды (810 бірлік), Қостанай (712 бірлік), Өскемен (460 бірлік), Ақтөбе (431 бірлік), Павлодар (369 бірлік), Ақтау (335 бірлік) және Орал (324 бірлік) еніп отыр.