Мәслихат депутаттары қоғамдық тыңдауда Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту бастамасын бірауыздан қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қоғамдық тыңдауға қала тұрғындары мен дауыс беруге ниеттілердің барлығы Facebook-тегі елорда мәслихатының ресми парақшасы арқылы қатысты.
"Атын өзгерту тек елордаға қатысты, сондықтан республикалық орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттен, ал жергілікті атқарушы органдар, жергілікті кәсіпорындар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады", - деп қосты елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов.