Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев
Мәслихат депутаттары 2040 жылға арналған Алматының жаңа Бас жоспарын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, қаланың қазіргі Бас жоспары осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын әзірленген және моноорталықтық даму моделіне негізделген, яғни жұмыс орындары мен әлеуметтік-мәдени қызметтер қаланың тарихи орталығына тығыз шоғырланған.
"Содан бері қала аумағы жағынан да, халық саны бойынша да екі есе ұлғайды. Жаңа Бас жоспарда тұрғын үй, әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымы дамыған 5 жаңа полиорталық құрылатын полиорталықтық даму моделіне көшу көзделеді. Бұл осы полиорталықтардың тұрғындары үшін барлық қажетті игіліктердің жақын орналасуына мүмкіндік береді. Жаңа бас жоспар жайлы қалалық орта құру және қаламыздың барлық аудандарында өмір сүру сапасын жақсарту үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін", - деді Досаев.