Мәскеуде дауылдан қисайған бағдаршам бағаны. 29 мамыр 2017 жыл.
Мәскеу мен оның төңірегінде 29 мамырда тұрған дауыл салдарынан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті, деп хабарлады жергілікті билік. Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко бұған дейін дауылдан Мәскеуде 11 адам құрбан болғанын айтқан.
Ал, Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев облыс территориясында бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапқанын хабарлады.
29 мамыр күні кешке кенеттен тұрған дауылдан ағаштар құлап, электр қуатын тарату желілері үзілген.
Мәскеудің денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Алексей Хрипун бүгін 168 адам дәрігерлік көмек кұрап жүгінгенін хабарлады. Оның сөзінше, зардап шеккен 108 адам, оның ішінде 22 бала ауруханада жатыр. Сегіз адамның жағдайы "ауыр" деп бағаланып отыр.
Бұған дейін Ресей энергетика министрлігі Мәскеуде дауыл салдарынан 7300 үй электр қуатынсыз қалғанын хабарлаған.
Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің сөзінше, жылдамдығы сағатына 110 километрге жеткен желден 3500-ден астам ағаш тамырымен қопарылып, құлаған.