Мәскеуде Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Мәскеудің Пресненск аудандық сотының баспсөз хатшысы Алексей Черников мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мәскеудің Пресненск аудандық соты Ертаевтың үй қамағын 8 қарашаға дейін ұзартты", - дейді Черников.
Еске салайық, 2018 жылы мамырда қазақстандық банкир және кәсіпкер Жомарт Ертаев Ресей астанасындағы "Москва-Сити" бизнес орталығының маңында ұсталған болатын. 11 мамырда Пресненск аудандық соты оны үй қамағына алу туралы шешім шығарған.
13 маусымда Мәскеу прокуроры Ертаевты тергеу абақтысына қамауды және ары қарай Қазақстанға қайтаруды талап еткен. Алайда сот Ертаевты үй қамағында қалдырды.
Ал Қазақстанның ІІМ өкілдері "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ертаев 80 миллион долларды ;алған ЖШС арқылы несие түрінде шығарған және ол қаржыны қайтармау әрекеттерін жасағанын айтады. Ертаевқа қатысты ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды.
Қазір Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралып жатыр.