Мәскеуде қазақстандық банкир Жомарт Ертаев ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша Мәскеуде аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматы Жомарт Ертаев ұсталды. Ол «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған кезінде жалған ЖШС-ның 80 млн доллардан астам банк займын алуына ықпал етіп, заем қаражатты қайтармауға әрекет еткен. Қазіргі уақытта ұсталған азаматты Қазақстанға қайтару мәселесі қаралуда», - делінген таратылған мәліметте.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мәскеуде қазақстандық кәсіпкер Жомарт Ертаевтың ұсталғандығын хабарлаған болатынбыз.