Мәскеуде совет жазушысы әрі диссидент Александр Солженицын тұрған пәтерде мұражай ашылды. Жазушы 1974 жылы осы пәтерде "Архипелаг ГУЛАГ" кітабы жарыққа шыққан соң тұтқындалған.
Пәтер Тверь көшесіндегі нөмірі 12-үйде орналасқан. Мұражайдың ашылу рәсіміне жазушының жесірі Наталья Солженицын қатысты. Мұражайға Солженицынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын заттар қойылған.
Мәскеуде 11 желтоқсан күні Александр Солженицын атындағы көшедегі саябаққа жазушының ескерткіші орнатылған. Ескерткіштің ашылу салтанатына Ресей президенті Владимир Путин қатысқан. Сол күні Владимирск облысының Гусь-Хрустальный қаласында әлдебіреулер бірер күн бұрын жазушыға орнатылған ескерткіш тақтаны қиратып кеткен.
Александр Солженицын - Нобель сыйлығының лауреаты, сталиндік лагерьлерде тұтқында отырған, коммунистік режимді сынайтын жазушы. 1974 жылы совет билігі жазушыны ССРО-дан жер аударып, ол Ресейге 20 жылдан соң ғана оралған. Жазушы 2008 жылы 3 тамызда Мәскеуде қайтыс болған.