10 мам, 2018 сағат 17:05

Мәскеуде қазақстандық кәсіпкер ұсталды (Видео)

Мәскеу қылмыстық іздестіру жедел қызметкерлері Мәскеу қаласы бойынша Ресей гвардиясы Бас басқармасы Жедел әрекет ету жасағымен бірлесіп, ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдіктілерді ұстады. Олардың бірі федералдық іздеуде болған. Бұл туралы Мәскеудегі "Ұлт ақпарат" ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлады. 

БАҚ-тың мәліметі бойынша, ұсталушылардың арасында алаяқтығы үшін іздеу жарияланған кәсіпкер Жомарт Ертаев та бар. «Қазақстандық банкир іздеуде болған. Ол «Москва-Сити» орталығына жақын маңда ұсталды. Кәсіпкерді бизнес-орталықтағы кездесуден Gelandwagen-мен келе жатқан кезде ұстаған. Ертаев алаяқтық жасады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Банкирдің ұсталғаны туралы РЕН ТВ телеарнасы да хабарлады.

«Кейбір деректер бойынша, оны бұрын да ұстамақ болған. Алайда, оның мекенжайын анықтау мүмкін болмаған. Соңғы уақытта Ертаев ірі ТВ кабель операторларының бірін басқарған, сондай-ақ коммерциялық банкке кеңесшілік еткен. Ол бұл қылмыстарды бірнеше жыл бұрын «Альянс банктің» топ-менеджері болып жұмыс істеген уақытта жасаған», - деп мәлім етті телеарнада.