Фото: РБК
Астана – Атырау бағытындағы рейстен 31 жастағы Атырау қаласының тұрғыны түсірілді. Тексеру кезінде мас күйдегі жолаушы ұшаққа міну барысында әуе компаниясы қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және агрессивті әрекет көрсеткені анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.
«Тәртіп сақшылары келген кезде азаматша полиция бөлмесіне барудан бас тартып, тіпті бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырған», - делінген Көліктегі полиция департаментінің ақпаратында.
Полицейлер азаматшаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 4 бірдей бабымен, атап айтқанда билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбау, ұсақ бұзақылық жасау, бортсеріктердің талаптарын орындамау, сондай-ақ қоғамдық орынға мас күйде келу бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Іс бойынша материалдар сотқа жолданды.
