25 шіл, 2025 сағат 11:33

Мас күйде полициядан қашқан ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: ru.sputnik.kg

Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат алкогольдік мас күйінде автокөлік жүргізіп, полициядан бой тасалауға тырысты, деп хабарлайды Ult.kz.

Полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтату талабын қойған кезде, жүргізуші заң талабына бағынбай, оқиға орнынан қашуға әрекет жасаған. Қашу барысында ол бірнеше рет жол ережесін өрескел бұзып, айналадағылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген.

Қылмыстық әрекет патрульдік полиция көлігімен соқтығысумен аяқталды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, келтірілген материалдық шығын толықтай өтелді.

"Көлік басқару құқығынан айырылған адамның мас күйде (алкоголь, есірткі немесе уытты заттардың әсерімен) көлік басқаруы, не мұндай адамға көлік құралын басқаруға мүмкіндік беру – заң бойынша өмір бойына жүргізу құқығынан айырумен қатар, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғуы мүмкін", - деп ескертті прокуратура.