фото: Freepik
Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімі мас күйде жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 1 қазанда болған. Алтай ауданына қарасты ауылдық округтердің бірінің әкімі қызметтік Chevrolet Niva көлігі тізгінінде отырып, аулада тұрған ВАЗ 21099 көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында болған.
Сот материалдарына сәйкес, құқықбұзушы өз әрекетін мойындап, жол-көлік оқиғасы кезінде мас болғанын айтып айғақ берген. Медициналық тексеру жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсеткен.
Жаза ретінде сот құқық бұзушыны 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды.
Шешімге апелляциялық сотқа шағымдануға болады.