Түркістан облысында бірнеше жүк вагоны аударылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Автордың айтуынша, вагондардың бірі бетон бағананы құлатқан. Соның салдарынан электр желілеріне зақым келді.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, 8 қаңтарда кешкі сағат 19:50–де "Шымкент-Арыс" теміржол учаскесінің Манкент станциясында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға пойыздар қозғалысына кері әсерін тигізбеді.
"Келеңсіздіктің салдарын жою үшін Шымкент, Арыс станцияларының қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді", - дейді мамандар.
Қазіргі кезде "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның арнайы комиссиясы құрылды. Ол оқиғаның мән-жайын анықтайды.