Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтерілді.
Әлеуметтік желіде облыстағы жағдайдың видеолары тарады. Желдің салдарынан жолдар көрінбейді. Автокөлік жүргізушілерінің айтуынша, шаңды дауыл көтеріліп, жолды көріп отыру қиындаған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі жергілікті жергілікті Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда ауа райы құбылыстарына байланысты жолдар жабылмайды. Жергілікті полиция автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден аса қажет болмаса, жолға және көшеге шықпауды сұрады.
Ал жергілікті полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар дауыл кезінде жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр.
Полиция жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, автокөліктер арасында қашықтықты сақтауға шақырды. Сондай-ақ жолдарда маневр жасаудан аулақ болуды еске салды.
Ал Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті дауылды жел қауіпі туған кезде балконды тексеруді сұрады. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бөлмеге кіргізу керек.
Жеке көлікті ағаштардың жанынан және ескі нысан, құрылғы маңынан алу қажет. Сондай-ақ ата-аналар балаларын бақылауға алып, қараусыз тастамауды сұрады.
Айта кетері, 5 сәуірде Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл болаы. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ауысады, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.