15 нау, 2019 сағат 12:46

Маңғыстаудағы кен орнында оқыс оқиға болды (Видео)

Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде газды-су қоспасы атқылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Түкенов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстаудың экологтары оқиғаны тексеріп жатыр. Руслан Түкеновтің сөзіне қарағанда, оқыс оқиға 15 наурыз күні кешкісін Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде болған. Кен орнын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ пайдаланады. Ұңғыманы «Сибу мұнай компаниясы» ЖШС мердігер компаниясы бұрғылайды.

«Алдын ала мәліметке қарағанда, бұрғылау кезінде су атқылап шыққан көрінеді. Тексеріс кезінде апаттың егжей-тегжейі айқындалып, қоршаған ортаға келтірілген залал анықталады. Нәтижесі кейінірек хабарланады», - деді ол.