Маңғыстауда жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қайтыс болды. Сондай-ақ 6 адам задап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 4 желтоқсан сағат 19:50 шамасында Ақтау-Құрық тас жолының 71/6 шақырымында болған.
«Mercedes-Benz C220» автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Toyota Camry» автокөлігіне соғылған.
Салдарынан «Mercedes-Benz» автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды» делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз мәліметінде.
Зардап шеккен 6 жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 34 -бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалды. Қазір жол апатына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес әзірге жария етілмейді.