13 қыр, 2022 сағат 08:32

Маңғыстауда "шенеуніктің" төбелесі видеоға түсіп қалды


Желіде Маңғыстау облысы "әкімі орынбасарларының бірінің" қатысуымен болған төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Желіде қыркүйектің 10-нан 11-іне қараған түні сыртқы бақылау камерасына жазылған видео тарады. Қолданушы бұл кадрларда "Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарларының бірі" бейнеленгенін айтты.

Видеода ер адамдардың төбелесі анық байқалады. 

Облыс әкімдігі видеодағы ер адамның облыс әкімінің орынбасары емес екенін мәлімдеді. Әкімдіктен басқа ақпарат берілген жоқ.