17 қыр, 2025 сағат 11:36

Маңғыстауда мұнай-газ саласындағы 261 млн теңге жымқыру дерегі бойынша үкім шықты

Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында мұнай-газ кәсіпорындарындағы қаржы жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz.

Өткен жылы облыстық прокуратура жүргізген тексеру барысында «West Oil Software» ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласында заң бұзушылықтар анықталған. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Тергеу нәтижесінде компанияның негізгі басшылық құрамында болған үш адам ұсталды. Сот олардың барлығын кінәлі деп танып, әртүрлі жаза тағайындады.

Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық істі қарау барысында сотталғандар мемлекетке 261 млн теңге көлеміндегі келтірілген шығынды өтеген.