Фото: ҰҚК
Ақтау қалалық соты теракті жасауға әрекеттенді және терроризмді насихаттады деп айыпталған қала тұрғынын соттады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ол теракт жасау үшін қолдан жасалған жарылғыш құрылғының компоненттерін сатып алған, деп хабарлайды Ult.kz.
«Соның ішінде зиян келтіретін элементтер — болттар мен шегелер. Шабуыл нысандары ретінде Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын таңдаған, ол жерлерді фото және бейнетүсірілім арқылы зерттеген», — деп хабарлады ҰҚК.
Сот оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Айта кетсек, сотталушы бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған болатын.