Сурет: lada.kz
Маңғыстауда көлік жүргізген баланың анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақ полициясының баспасөз қызметі өкілі 13 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім Toyota Hiace көлігін тізгіндегенін айтты.
"Жасөспірімнің анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді ведомство өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда көлік жүргізген бала видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын.