05 қаз, 2020 сағат 18:33

Маңғыстауда әйел балаларын бұрынғы күйеуінен күштеп алып кетуге тырысқан

Маңғыстаулық әйел бұрынғы күйеуінің қолындағы балаларын күштеп алып кетпек болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін интернетте белгісіз әйелдің балаларды еркінен тыс мәжбүрлеп әкетуге тырысқан видеосы жарияланды. 

Сот шешімімен анасы балаларын күйеуінің үйінен алып кетуге келген. Бірақ, олар анасына барудан бас тартты. 

Полицияның мәліметінше, жанжалдан кейін үш бала әкесінің жанында қалған. 

«Оқиға 2 қазан күні Басқұдық ауылында болған. Азаматша бұрынғы күйеуінің сот шешіміне сәйкес балаларды бермей отырғанын айтып жүгінді. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, сондай-ақ учаскелік инспектордың көмекшісі балалардың тұрғылықты жеріне барды. Бірақ олар бұл азаматқа алдын ала ескертті. Егер балалар анасымен бірге барудан бас тартса, онда ешкім оларды мәжбүрлемейді және психикасына зақым келтірмейді. Әкесіне қамқоршылық бөліміне жүгінуге кеңес бердік, бірақ ол бас тартты. Балалар әкесіне оралды. Полиция қызметкерлері балалардың анасымен бірге барғысы келмейтінін көріп, осы азаматша мен оның адвокатынан сот приставымен бірге келуді өтінді» деп хабарлады Маңғыстау облысының бас полицейі, генерал-майор Ж. Бақтыбаев.