15 қыр, 2023 сағат 06:13

Маңғыстауда 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс жасаған

Фото: Halyq Uni

Маңғыстауда 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс жасаған.

Бұл деректі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті білім саласына жүргізген мониторинг барысында анықтады.

Нәтижесінде Антикор ұсынымына сәйкес, жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер қызметтен босатылған.

"Білім басқармасы мұғалімдердің жұмыс кезеңінде алған үстемақыларын мемлекетке қайтару бойынша сотқа талап–арызбен жүгінді.

Сонымен қатар бір мұғалімге қатысты сот үкімі шығып, ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол айыппұл (20 еселенген айлық есептік көрсеткіш) түріндегі қылмыстық жазаға тартылды" - делінген хабарламада.