сурет ашық дереккөзден алынды
Маңғыстауда 7 миллиард теңгенің жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша биыл мемлекетке құны 7 миллиард теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың гектар 94 жер учаскесі, оның ішінде "Алтын учаскелер" деп аталатын жерлер қайтарылған.
"Мысалы, жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген, 2,6 млрд теңге құрайтын 255,5 гектар 6 жер телімі қайтарылды.
Сондай-ақ, прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған. Атап айтқанда, құны 1 млрд теңге "OilRealEstate" ЖШС тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген.
Жекелеген аудандарда шамамен 60 жуық ауылшаруашылық жері мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеуі себебінен толық көлемде пайдаланылмаған (20% - дан аз).
Жауапты тұлғалардың учаскелерді уақтылы түгендемеуі өңірдегі жер ресурстарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалануына әкелді" - делінген хабарламада.
Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.