25 сәу, 2023 сағат 17:48

Маңғыстау облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Сурет: depositphotos.com

Маңғыстау облысында 2-3 балдық жер сілкінісі болды.

"СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 25 ақпан Алматы уақытымен сағат 13:24-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 1981 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы - MPV 5.4.

Энергетикалық класы – 11.3, тереңдігі – 10 шақырым.

"МSК-64 шкаласы бойынша Маңғыстау облысының Қызан және Тұщықұдық ауылдарында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар жергілікті lada.kz басылымы Ақтау қаласында да жер сілкінгенін хабарлады. Әртүрлі шағын аудандардың тұрғындары жерасты дүмпулерін сезгенін жазып жатыр.