19 жел, 2022 сағат 15:12

Маңғыстау облысындағы көлде жүздеген аққу қырылып қалды - видео


Блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы көлде аққулардың өлексесі жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтаудан 10 шақырым жердегі Қаракөл көлінің жағасында түсірілген кадрларды жариялады.

"Аққу өмірде бір рет қана жұп болады, қосағы өлсе, жалғыз аққу сағыныштан өледі" дейді. Егер осы қисынды ұстанатын болсақ, Маңғыстау өңірінде биылғы қыста тым көп аққудың жүрегі жараланғаны.

Ал егер шындығын айтсақ, бұл жағдайдың ауқымы алаңдатады, құстың жүздеген өлексесі Қаракөл көлінің бүкіл жағалауында шашылып жатыр, ең қызығы, мен бұл көлде аққулардан басқа құстардың өлексесін таппадым. Олар аққуларға қарағанда әлдеқайда көп. Табиғи сұрыпталу дейін десек, шығын тым көп", - деп жазды автор.

Бұрын тек жергілікті тұрғындарға ғана белгілі болған бірегей су қоймасы 2020 жылы әлемдік БАҚ-тың талқылауына айналған.

Қаракөл - көп құстардың ұшу жолындағы аялдамалардың бірі. Олардың кейбіреулері Қазақстанның Қызыл кітабына енген, ал көлдің өзі Қарақия-Қаракөл мемлекеттік қорығына енгізілген және ерекше қорғалатын аумақ мәртебесіне ие.