Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ірі жол апаты видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Лада" порталы.
7 қыркүйек сағат 15:10 шамасында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai Sonata маркалы автокөлігі бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай, "ВАЗ 21703" және Lexus RX330 көліктеріне соқтығысқан.
Маңғыстау облысының полиция департаменті қызметкерлері апаттан Lexus жүргізушісі зардап шеккенін айтты.
"Апат салдарынан Lexus RX330 көлігін басқарған 49 жастағы әйел аудандық ауруханада тексеріліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. 21 жастағы Hyundai Sonata жүргізушісіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 610-бабы 1-бөлігі "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның көлігі айып тұрағында", - деді ведомстводағылар.