20 сәу, 2022 сағат 16:46

Маңғыстау облысында шаңды дауыл кесірінен кейбір жол бөлігі жабылды


Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындағанына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдың бір бөлігінде автокөліктің барлық түріне уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтап айтқанда, көліктерге «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының» Шетпе-Жетібай» учаскесінің 643-705 шақырымында жүруге болмайды. 

«Штаттан тыс жағдай туындаса, ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі - 1403», - делінген хабарламада.