04 мау, 2022 сағат 21:08

Маңғыстау облысында сарбаз өзіне қол жұмсады - ҰҚК


4 маусымда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде мерзімді қызмет әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдын ала ақпарат бойынша, суицидтің себебі әскери қызмет өткерумен байланысты емес отбасылық-тұрмыстық проблемалар болды.

Құқық қорғау органдары қажет тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, ведомство қаза тапқан адамның отбасына қажет көмек көрсету шараларын қабылдайды.