04 мам, 2022 сағат 10:15

Маңғыстау облысында мұғалім оқушыны шапалақпен ұрған - видео

© lada.kz

Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда бірінші сынып оқушысының анасы мектеп дәлізінде жүгіріп бара жатқан қызды мұғалімнің екі рет шапалақпен ұрғаны көрсетілген видеоны ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Лада" сайтына сілтеме жасап.

Әйел адамның айтуынша, оқиға 11 сәуірде болған. Мектепте болған оқиға бойынша тек 3 мамырда директордан және жергілікті білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінен жауап алған.   

Директордың айтуынша, "мұғалім оқушыны ұрмаған, тек жүгірмесін деп ұстап тұрған".  


Жергілікті Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті жауабында 12 сәуірде мұғалімге қатаң сөгіс жарияланғаны айтылған. Ал 14 сәуірде мұғалім жұмысынан босатылған. Қандай бап бойынша кеткені белгісіз. 


Оқушының анасының сөзінше, мұғалім әйел адаммен, директормен және мұғалімдермен сөйлескенінде сол күні көңіл күйі болмағанын айтқан. Бірақ кешірім сұрамаған.  

Бірінші сынып оқушысының анасы бұл оқиғадан кейін мұғалім 12, 13 сәуірде жұмысқа шыққанын айтады. Ал 14 сәуірде өз қалауымен жұмыстан кеткен.   

Енді оқушының анасы Білім министрлігіне шағымданбақ.