Бұл жолы мамандар Қарақия ауданындағы малдан індеттің табылғанын растап отыр. Қазір эпизоотиялық жасақ жануарларды тексеріп жатыр екен. Бұл жұмыстар біткен соң егу шаралары басталмақ.
Мұндағы тұрғындар да жылқы мен түйе-сиырдың өле бастағанын айтып отыр. Кейбіреулер малдарының өлексесін айдаладан тауып алған. Бірақ, шенеуніктер бір-екі ауданнан ауру шықты деп, бүкіл облысты дүрліктірудің қажеті жоқ деп отыр. Айтуларынша, қазір түлкі-қарсақ, қасқыр сынды осы індетті тарататын жабайы жыртқыштардың көбейетін кезі. Сондықтан бұл ауруды үй жануарларының жұқтырып, аурудың тарауы таң қалатын жағдай емес екен. Ал, бүгін эпидемиологтар Жармыш ауылына келіп, тексеру жұмыстарын бастап кетіпті.
Шамғали Хамиев, Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Қарақиян ауданында бір жылқыдан, бір түйеден, бір қасқырдан шықты. Жоспарға сәйкес тексерілу жүргізілуде,барлығында тек шектеу шаралары жарияланды.