02 мам, 2023 сағат 14:31

"Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында" апат болды

Фото: © Sputnik / Анатолий УСТИНЕНКО

"Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында" ("МАЭК") апат болып, екі энергоблок жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жергілікті Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде "ҚазАзот" кәсіпорны ауданын сары тұман басып кеткенін жазды.

Атом энерегетика компаниясында болған апаттан "ҚазАзот" зауытының жұмысы тоқтады. Кәсіпорында өндірістің технологиялық режимі істен шыққан.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыт қызметкерлерінің денсаулығы мен тұрғындарға қауіп төнген жоқ. Өндірісті іске қосу кернеу қалпына келтірілгеннен кейін бірден басталады.

Энергокомбинаттың баспасөз қызметі авариялық ажырату туралы ақпаратты растады.

"1 мамырда сағат 12:28-де "МАЭК" ЖШС ЖЭС станциясында бас май сорғысының ақауына байланысты 3 энергия блогы ажыратылды. Сағат 16:38-де генераторды енгізу изоляторының бұзылуына байланысты генератордың жер қорғанысынан 2 энергия блогы ажыратылды", - дейді баспасөз қызметі өкілдері.

2 мамырда Маңғыстау облысы бойынша электр энергиясын шектеу мұнай секторын тұтынушылар үшін 52,5 МВт құрамақ: "Өзенмұнайгаз" - 37,5 МВт; "БузачиОперейтинг" - 8,2 МВт; "Қаражанбасмұнай" - 2,8 МВт; "Маңғыстаумұнайгаз" - 4 МВт.

"Қазіргі уақытта екінші энергоблоктың жұмыс режимін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Облыс тұрғындарын электрмен және сумен жабдықтауға ешқандай шектеулер жоқ", деп сендірді "МАЭК".