Ол бұ дүнияға Өлең болып келді. Әкенің қанымен, даланың заңымен, уақыттың күрсінісінде, дәуірдің сілкінісінде сәби өлең боп іңгәлады. Содан болса керек: шешіле сөйлесе - шандоз шешендей шалқып-төгіледі; көсіле жыр оқыса - жансебіл жүректің жан мұңын шертеді; қолына домбыра ұстаса - тылсымды әуездің теріңіне тартып, күрескер ойлардың көгінде қалиды; Дұрысы: оның үнінде әлдебір адасқақ әуен салтанат құрады. Ол музыка – Тәңірден келген тылсым мелодия. Ақыни аңсар.
...Кіршіксіз жүректен ғұмырлы өлең туады. Ақын біткеннің бекзада болмысы пендәуи тірліктің талауына түсіп, әуелгі жолдан жаңылмаса етті. Өлең – Құдайдың аманаты болса, оған қиянат жасаудың күнәсі жүз есе ауыр. Жүректегі ғасыл жырдың түнекте тұншықпасын, әлгі бір қын түбіндегі қылышпен мысалдап көрсек қалай? Бұл есепте, ақыр соңында жылдарға жұтылған «күнәһар ақындардың» өлеңаңсары жеңіп шығары хақ. Өйткені, өлең – өлмейді ғой.
***
Құпия тұнған сыр құйылып,
Тұңғиық жанарың нұр ұшқын.
Кездессем көзіммен иіліп,
Мен іштей таныстым, білістім.
Істейтін өзгеше бар ма ермек?
Бір ғажап азапты жүктейсің.
Қарамай қалуға дәрмен жоқ,
Қарасам қалады бітпей тіл.
Жігерім жете алмай «Сәлемге»,
Тіл бүгіп қалыппын тағы да.
«Тыныштық» дейтұғын әлемге,
Мен үнсіз бейілмен бағынам.
Қасымнан өтесің күлімдеп,
Қасыңнан өтемін сүрініп.
Дүние тұрады дірілдеп,
Сендегі кірпікке ілініп.
Бар әлем көзіңнің ішінде,
Көзіңнің ішінде - кең дала.
Сол жаққа өңім мен түсімде,
Ене алмай жүрген жан мен ғана...
***
Төгіліп түсті тегі жыр өніп,
Толқын сезімім тулағасын ба?
Сен басқа адамның серігі болып,
Сейіл құрасың су жағасында.
Сыртыңнан сонда торыдым жатып,
Торы мұңға бұл бөленбеген ем.
Толқытқан бойды тобығың батып,
Сен көрген толқын – мен өрген өлең.
Жібектей жаулап басты көлдей мұң,
Бойымды баурап Баяндай күлдің.
Сүймеймін сені, жақсы көрмеймін,
Дегім келеді, дей алмай жүрмін.
Кеудесін тосып, жебеден де өлген,
Махаббат желі желпиді көне.
Қозы Көрпеш пен Төлегендерден,
Бекежан, Қодар кем сүйді деме.
Күрсінтпес өмір күле білгенді,
Сезім жорығы – бұлыңғыр елес.
Жаулап аламын жүрегіңді енді,
Бейбіт жолменен зұлымдық емес.
***
Дір етті сезім дір етті,
Сүйеміз сөйтіп бәріміз.
Езілтіп ғазиз жүректі,
Егіліп ғасыл жанымыз.
Дүрдараз болып алыппыз,
Махаббаттан жан үркіді.
Сүйем деп айту парықсыз,
Күйем деу тіпті күлкілі.
Бабаның сонау кезі үлгі,
Қол бұлғап кеткен бұл күннен.
Қос жанарындағы сезімді,
Қас-қабағыменен білдірген.
Қаншама ару қыз өтті-ау,
Ұнатам деп те айта алмай.
Сезімін үнсіз құм етті-ау,
Сыртынан түк те байқалмай.
Талайлар солай қамықты,
Деп түйдік бір сәт бекерге ой.
Ар дейтін екі-ақ әріпті,
Арзандатпаған екен ғой.
Солардың күйік, шері үшін,
Алдында басты иер ме ең?!
Сүйе алмай кеткендер үшін,
Біреуді ессіз сүйем мен!
Күрсінбе
Көктің шарабы,
Жаңбыр жауады.
Сыбдыр молайып,
Әнге салады.
Аспан егілді,
Жасы төгілді.
Сенің жасыңа,
Өмір көмілді.
Жалғыз жүрсің бе?
Қашқан күлкің де.
Аспан секілді,
Жаным, күрсінбе!
Бәрі басылар,
Тәңір бақылар.
Қара бұлтынан,
Аснан ашылар.
Жаның жай табар,
Бағың жайқалар.
Мендей сыр саған,
Кім кеп айта алар?!
Күрсінбе!
Нәзік гүл
Терезенің жақтауында қауыз жарған гүл нәзік,
Кетсем бе екен жапырағына күлгін түсті мұң жазып?
Мен бір гүлден қалдым бөлек, уысымнан шығардым,
Шындық үшін құлазыдым, шындық үшін қуандым.
Жек көруге күштеп жүрмін жүрегімді барынша,
Жұтар едім ойланбастан дәрісі оның табылса.
Сен алысқа кеткен сайын барасың-ау жақындап,
Тәуліктерге жұтылады сезім байғұс лапылдап.
Жырым бүгін жабырқады, жалтарасың деме сен,
Қызыл гүлім, қызылыңа ғашық болған емес ем.
Кірпігімде көлбеңдейді сары сағым қас-қағым,
Қауызыңды жарасың-ау топырағына басқаның.
Құдыретке жүгінсем де, басталады жол жаңа,
Өкінішті сол ғана.
...Терезенің жақтауында қауыз жарған гүл нәзік,
Кеттім жасыл жапырағына күлгін түсті мұң жазып.
Сен үшін
Ашылғанда көңілімнің түндігі,
Сен деп нұрын төгеді екен күн нұры.
Әуенімен тербетеді жер-көкті,
Сен деп сайрап жүрегімнің бұлбұлы.
Көкжиектен қылаң беріп қызыл күн,
Кескініңе қарай-қарай сүзілдім.
Пердесінен пәктік қана көрдім мен,
Періште кеп ұялаған жүзіңнің.
Жатырқайсың қылықтым-ау, сен несін?!
Жүрегіңе сенім келіп төрлесін.
Махаббаттың күйін шертіп отырам,
Сезімімнің басып сұлу пернесін.
Күйін шертіп сен деп соққан жүректің,
Олқы жерін уақыт өте түзеттім.
Сол әуенмен қалықтар деп көгімде,
Алақаннан ақ көгершін түлеттім.
Бәрі-бәрі бір сен үшін, керімім,
Ай аймалап, күн сүйсінген көрігің -
Махаббатта менің басты тірегім -
Сенің, еркем, күмәні жоқ сенімің.
Бір арманға жеткізер ме жүз үміт,
Қайта жалғап кетсе бірі үзіліп.
Махаббаттың әуенінің мәуелі,
Кетпесе екен құлақ күйі бұзылып.
Сүйе аларсың сен де солай мені шын,
Өзің деумен кеңейеді өрісім.
Сенбейсің-ау деп толқиды бұ жүрек,
Сенсең бәрі сен үшін.
Мұң
Сағынып сені тарылып тегі тыныс тым,
Сүйсінгіш едім сүйкімді сенің көркіңе.
Сезімге бойлап, көзіңде ойнап бір ұшқын,
Жандырды-ай жүз от қалдырмай жүрек еркіме.
Еркелігіңді жеңсе бүгінгі сезімің,
Сен сеніміңді ерте бүлінді демегін.
Жырымды саған, мұңымды саған телідім,
Жоқ айып мұнда ғажайып сырға бөле мың.
Мәнсіз махаббат, әлсіз махаббат сенбеуде,
Өзіңсіз қалып көңілсіз ғаріп күйдемін.
Тағы мұң қалар жарығын жағар кеудемде,
Сабырымды алар жазығым болар сүйгенім.
Қыламын жарық шырағын жағып үміттің,
Өткен жақтарға, кеткен шақтарға үңілдім.
Барлығы есімде қарлы кешінде суықтың,
Қызарғаны да, қуанғаны да жүзіңнің.
Күндерді талай, түндерді санай күзеткен,
Шарқ ұрды сезім, таусылды төзім, сабырым.
Өкінгін деме, өшірдім деме жүректен,
Оралшы қайта, қол алшы қайта, жарығым.
***
Өрт елесің, өзекті өртемеші,
Еркелеші еркем кел, еркелеші.
Асыл мүсін көркіңе масайраған,
Басым бүтін болғанмен бөлшек есі.
Қасыңда мен жүріппін байқамастан,
Жасырған ем, еркіммен тайталасқам.
Таң алмасып құпиям әшкере енді,
Саған ғашықтығымды айтады аспан.
Көңіл гүлін тербейді күліп таңдар,
Сезім жырын қостаған бұлт, таулар.
Сырға байып даламен үндесетін,
Бұл ғажайыр сәтімді ұмытпаңдар.
Бізге, сірә, сенбесең сына мені,
Гүлден сұра шертілген сыр әуені.
Бар төзімнің біткенін саған айтсын,
Жан сезімнің жаны жоқ куәгері.
***
Көшесінде Алматының көктем жүр,
Көшесінде Алматының көлік жүр.
Бой жылытып ескек самал ескен бір,
Сілкінгендей жер-дүние өмір дүр.
Тереземнің сырт жағынан сығалап,
Қимай-қимай еріп, жылап қыс кетті.
Жасыл киіп Алатау мен қыр, алап,
Қанатынан көктем маулап құс кепті.
Мезгіл жетіп жалғас тапты ертегім,
Көреді екем өзіңді ылғи түсімде.
Қабағыңнан көктем іздеп мен сенің,
Жүргендеймін өңкей елес ішінде.
Пенделіктер ішіндегі пенделік
Тоқсан бес түмен түзем құрып, түрген сап,
Сүреңденген сары далада сүрлеу сап.
Тұлпарлардың тұяғынан от өрген,
Жеті қат жердің шаң қағын,
Жеті қат көкке көтерген.
Жарты әлемді жалпағынан бағындырған Шыңғыс хан,
Қарсы келген дәті берік кіл дұшпан,
Ойран топыр орға құлап тобыры,
Қан майданда жер жастанып, қыр құшқан.
Аспан астын әміріне қарату –
Арман туы көтерілді
Тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ала ту!
Айбатынан алты ғалам түршігіп,
Қаһарына қарсы келе алмаған.
Қайратынан қарыс елі танбаған.
Қан сусаған қайқы қылыш сусылдап,
Қынабында тұра алмас.
Ақық асыл жарқылдаған жүзі алмас.
Орхон менен Керуленнің арасы,
Өтүкеннің байырқатты даласы.
Кіндік етіп қанып ішкен тұнығын,
Күн батысқа құлаштатып құзырын.
Алтын босағалы ақ орда,
Күміс жақтау арқалық,
Көк тіретіп тік тұрғызған тұғырын.
Қара жерді қайыстыра құба жоннан құлатып
Сан мың тұяқ түлігін.
Гүлдариға ару сүйген, білекке орап бұрымын.
Пенделік деп қайтейін?
Ел бірлігі еміренген ерге құт,
Ұлтарақтай ұйпаланған жер де құт.
Ұлан-ғайыр атырапты кем көріп,
Кере қарыс қабағыңды кең керіп.
Дүниеге қызыл көзбен қарадың,
«Пенделіктер ішіндегі пенделік».
Жеңісті ерге айналғанда ең дара,
Табаныңда жорғалады түгелі.
Ермек емес, еншің болып иен дала,
Таразысы тең тағдыр,
О, қаһарман, Темүжүн!
О, баһадүр, хан Шыңғыс!
Бұйырғаны барлығынан жеті сүйем жер ғана,
Жан білмейтін жермен-жексен көр мола,
Неткен ғаламат пенделік?!
***
Сағынып жүрмін ауылды Барқытбелдегі,
Өзге елді сенен бұл балаң артық көрмеді.
Төбемнен өтті қаңқылдап сары ала қаздар,
Қиқуы менің кеудемді шалқып кернеді.
Сары ала қаздың қайтқаны салқын келгені,
Сағынышымды үдетті әр күндер менің.
Қара тай мініп қиқулап көсіле шапқан,
Аңсатады ғой боз жусан алтын белдегі.
Өз ортасынан іздейді тағылым пенде,
Бірімін соның жарқыра, жарығым сөнбе.
Қалада өсіп жайқалып көркейсем егер,
Тереңдеріне таралар тамырым сенде.
«Туған жер» десе ойнайды сағыныш әні,
Санамда ойлар сан саққа сабылысады.
Өмірім осы қалада өтіп жатса да,
Көңілім мені ауылға алып ұшады.
Алайда, мұнда оқудан жалықпағанмын,
Жұлдызы болу мақсатым жарық ғаламның.
Сағынышыммен басуға мауқымды мынау,
Амандық болса аз күнде барып қалармын.
Манас Қайыртай – 1994 жылы мамыр айының 20-сында ШҚО, Тарбағатай ауданы, Өкпеті тауында туған. "Барқытбел" атты жыр жинғы жарық көрген. Қазір «31 арна» жаңалықтар қызметінің тілші-редакторы.
Манас Қайыртай–1994 жылы мамыр айының 20-сында ШҚО, Тарбағатай ауданы, Өкпеті тауында туған.
Қазір «31 арна» жаңалықтар қызметінің тілші-редакторы
***
Құпия тұнған сыр құйылып,
Тұңғиық жанарың нұр ұшқын.
Кездессем көзіммен иіліп,
Мен іштей таныстым, білістім.
Істейтін өзгеше бар ма ермек?
Бір ғажап азапты жүктейсің.
Қарамай қалуға дәрмен жоқ,
Қарасам қалады бітпей тіл.
Жігерім жете алмай «Сәлемге»,
Тіл бүгіп қалыппын тағы да.
«Тыныштық» дейтұғын әлемге,
Мен үнсіз бейілмен бағынам.
Қасымнан өтесің күлімдеп,
Қасыңнан өтемін сүрініп.
Дүние тұрады дірілдеп,
Сендегі кірпікке ілініп.
Бар әлем көзіңнің ішінде,
Көзіңнің ішінде - кең дала.
Сол жаққа өңім мен түсімде,
Ене алмай жүрген жан мен ғана...
***
Төгіліп түсті тегі жыр өніп,
Толқын сезімім тулағасын ба?
Сен басқа адамның серігі болып,
Сейіл құрасың су жағасында.
Сыртыңнан сонда торыдым жатып,
Торы мұңға бұл бөленбеген ем.
Толқытқан бойды тобығың батып,
Сен көрген толқын – мен өрген өлең.
Жібектей жаулап басты көлдей мұң,
Бойымды баурап Баяндай күлдің.
Сүймеймін сені, жақсы көрмеймін,
Дегім келеді, дей алмай жүрмін.
Кеудесін тосып, жебеден де өлген,
Махаббат желі желпиді көне.
Қозы Көрпеш пен Төлегендерден,
Бекежан, Қодар кем сүйді деме.
Күрсінтпес өмір күле білгенді,
Сезім жорығы – бұлыңғыр елес.
Жаулап аламын жүрегіңді енді,
Бейбіт жолменен зұлымдық емес.
***
Дір етті сезім дір етті,
Сүйеміз сөйтіп бәріміз.
Езілтіп ғазиз жүректі,
Егіліп ғасыл жанымыз.
Дүрдараз болып алыппыз,
Махаббаттан жан үркіді.
Сүйем деп айту парықсыз,
Күйем деу тіпті күлкілі.
Бабаның сонау кезі үлгі,
Қол бұлғап кеткен бұл күннен.
Қос жанарындағы сезімді,
Қас-қабағыменен білдірген.
Қаншама ару қыз өтті-ау,
Ұнатам деп те айта алмай.
Сезімін үнсіз құм етті-ау,
Сыртынан түк те байқалмай.
Талайлар солай қамықты,
Деп түйдік бір сәт бекерге ой.
Ар дейтін екі-ақ әріпті,
Арзандатпаған екен ғой.
Солардың күйік, шері үшін,
Алдында басты иер ме ең?!
Сүйе алмай кеткендер үшін,
Біреуді ессіз сүйем мен!
Күрсінбе
Көктің шарабы,
Жаңбыр жауады.
Сыбдыр молайып,
Әнге салады.
Аспан егілді,
Жасы төгілді.
Сенің жасыңа,
Өмір көмілді.
Жалғыз жүрсің бе?
Қашқан күлкің де.
Аспан секілді,
Жаным, күрсінбе!
Бәрі басылар,
Тәңір бақылар.
Қара бұлтынан,
Аснан ашылар.
Жаның жай табар,
Бағың жайқалар.
Мендей сыр саған,
Кім кеп айта алар?!
Күрсінбе!
Нәзік гүл
Терезенің жақтауында қауыз жарған гүл нәзік,
Кетсем бе екен жапырағына күлгін түсті мұң жазып?
Мен бір гүлден қалдым бөлек, уысымнан шығардым,
Шындық үшін құлазыдым, шындық үшін қуандым.
Жек көруге күштеп жүрмін жүрегімді барынша,
Жұтар едім ойланбастан дәрісі оның табылса.
Сен алысқа кеткен сайын барасың-ау жақындап,
Тәуліктерге жұтылады сезім байғұс лапылдап.
Жырым бүгін жабырқады, жалтарасың деме сен,
Қызыл гүлім, қызылыңа ғашық болған емес ем.
Кірпігімде көлбеңдейді сары сағым қас-қағым,
Қауызыңды жарасың-ау топырағына басқаның.
Құдыретке жүгінсем де, басталады жол жаңа,
Өкінішті сол ғана.
...Терезенің жақтауында қауыз жарған гүл нәзік,
Кеттім жасыл жапырағына күлгін түсті мұң жазып.
Сен үшін
Ашылғанда көңілімнің түндігі,
Сен деп нұрын төгеді екен күн нұры.
Әуенімен тербетеді жер-көкті,
Сен деп сайрап жүрегімнің бұлбұлы.
Көкжиектен қылаң беріп қызыл күн,
Кескігіңе қарай-қарай сүзілдім.
Пердесінен пәктік қана көрдім мен,
Періште кеп ұялаған жүзіңнің.
Жатырқайсың қылықтым-ау сен несін?!
Жүрегіңе сенім келіп төрлесін.
Махаббаттың күйін шертіп отырам,
Сезімімнің басып сұлу пернесін.
Күйін шертіп сен деп соққан жүректің,
Олқы жерін уақыт өте түзеттім.
Сол әуенмен қалықтар деп көгімде,
Алақаннан ақ көгершін түлеттім.
Бәрі-бәрі бір сен үшін, керімім,
Ай аймалап, күн сүйсінген көрігің -
Махаббатта менің басты тірегім -
Сенің, еркем, күмәні жоқ сенімің.
Бір арманға жеткізер ме жүз үміт,
Қайта жалғап кетсе бірі үзіліп.
Махаббаттың әуенінің мәуелі,
Кетпесе екен құлақ күйі бұзылып.
Сүйе аларсың сен де солай мені шын,
Өзің деумен кеңейеді өрісім.
Сенбейсің-ау деп толқиды бұ жүрек,
Сенсең бәрі сен үшін.
Мұң
Сағынып сені тарылып тегі тыныс тым,
Сүйсінгіш едім сүйкімді сенің көркіңе.
Сезімге бойлап, көзіңде ойнап бір ұшқын,
Жандырды-ай жүз от қалдырмай жүрек еркіме.
Еркелігіңді жеңсе бүгінгі сезімің,
Сен сеніміңді ерте бүлінді демегін.
Жырымды саған, мұңымды саған телідім,
Жоқ айып мұнда ғажайып сырға бөле мың.
Мәнсіз махаббат, әлсіз махаббат сенбеуде,
Өзіңсіз қалып көңілсіз ғаріп күйдемін.
Тағы мұң қалар жарығын жағар кеудемде,
Сабырымды алар жазығым болар сүйгенім.
Қыламын жарық шырағын жағып үміттің,
Өткен жақтарға, кеткен шақтарға үңілдім.
Барлығы есімде қарлы кешінде суықтың,
Қызарғаны да, қуанғаны да жүзіңнің.
Күндерді талай, түндерді санай күзеткен,
Шарқ ұрды сезім, таусылды төзім, сабырым.
Өкінгін деме, өшірдім деме жүректен,
Оралшы қайта, қол алшы қайта, жарығым.
***
Өрт елесің, өзекті өртемеші,
Еркелеші еркем кел, еркелеші.
Асыл мүсін көркіңе масайраған,
Басым бүтін болғанмен бөлшек есі.
Қасыңда мен жүріппін байқамастан,
Жасырған ем, еркіммен тайталасқам.
Таң алмасып құпиям әшкере енді,
Саған ғашықтығымды айтады аспан.
Көңіл гүлін тербейді күліп таңдар,
Сезім жырын қостаған бұлт, таулар.
Сырға байып даламен үндесетін,
Бұл ғажайыр сәтімді ұмытпаңдар.
Бізге, сірә, сенбесең сына мені,
Гүлден сұра шертілген сыр әуені.
Бар төзімнің біткенін саған айтсын,
Жан сезімнің жаны жоқ куәгері.
Тоқсан бес түмен түзем құрып, түрген сап,
Сүреңденген сары далада сүрлеу сап.
Тұлпарлардың тұяғынан от өрген,
Жеті қат жердің шаң қағын,
Жеті қат көкке көтерген.
Жарты әлемді жалпағынан бағындырған Шыңғыс хан,
Қарсы келген дәті берік кіл дұшпан,
Ойран топыр орға құлап тобыры,
Қан майданда жер жастанып, қыр құшқан.
Аспан астын әміріне қарату –
Арман туы көтерілді
Тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ала ту!
Айбатынан алты ғалам түршігіп,
Қаһарына қарсы келе алмаған.
Қайратынан қарыс елі танбаған.
Қан сусаған қайқы қылыш сусылдап,
Қынабында тұра алмас.
Ақық асыл жарқылдаған жүзі алмас.
Орхон менен Керуленнің арасы,
Өтүкеннің байырқатты даласы.
Кіндік етіп қанып ішкен тұнығын,
Күн батысқа құлаштатып құзырын.
Алтын босағалы ақ орда,
Күміс жақтау арқалық,
Көк тіретіп тік тұрғызған тұғырын.
Қара жерді қайыстыра құба жоннан құлатып
Сан мың тұяқ түлігін.
Гүлдариға ару сүйген, білекке орап бұрымын.
Пенделік деп қайтейін?
Ел бірлігі еміренген ерге құт,
Ұлтарақтай ұйпаланған жер де құт.
Ұлан-ғайыр атырапты кем көріп,
Кере қарыс қабағыңды кең керіп.
Дүниеге қызыл көзбен қарадың,
«Пенделіктер ішіндегі пенделік».
Жеңісті ерге айналғанда ең дара,
Табаныңда жорғалады түгелі.
Ермек емес, еншің болып иен дала,
Таразысы тең тағдыр,
О, қаһарман, Темүжүн!
О, баһадүр, хан Шыңғыс!
Бұйырғаны барлығынан жеті сүйем жер ғана,
Жан білмейтін жермен-жексен көр мола,
Неткен ғаламат пенделік?!
***
Сағынып жүрмін ауылды Барқытбелдегі,
Өзге елді сенен бұл балаң артық көрмеді.
Төбемнен өтті қаңқылдап сары ала қаздар,
Қиқуы менің кеудемді шалқып кернеді.
Сары ала қаздың қайтқаны салқын келгені,
Сағынышымды үдетті әр күндер менің.
Қара тай мініп қиқулап көсіле шапқан,
Аңсатады ғой боз жусан алтын белдегі.
Өз ортасынан іздейді тағылым пенде,
Бірімін соның жарқыра, жарығым сөнбе.
Қалада өсіп жайқалып көркейсем егер,
Тереңдеріне таралар тамырым сенде.
«Туған жер» десе ойнайды сағыныш әні,
Санамда ойлар сан саққа сабылысады.
Өмірім осы қалада өтіп жатса да,
Көңілім мені ауылға алып ұшады.
Алайда, мұнда оқудан жалықпағанмын,
Жұлдызы болу мақсатым жарық ғаламның.
Сағынышыммен басуға мауқымды мынау,
Амандық болса аз күнде барып қалармын.
***
Көшесінде Алматының көктем жүр,
Көшесінде Алматының көлік жүр.
Бой жылытып ескек самал ескен бір,
Сілкінгендей жер-дүние өмір дүр.
Тереземнің сырт жағынан сығалап,
Қимай-қимай еріп, жылап қыс кетті.
Жасыл киіп Алатау мен қыр, алап,
Қанатынан көктем маулап құс кепті.
Мезгіл жетіп жалғас тапты ертегім,
Көреді екем өзіңді ылғи түсімде.
Қабағыңнан көктем іздеп мен сенің,
Жүргендеймін өңкей елес ішінде.
***
Құпия тұнған сыр құйылып,
Тұңғиық жанарың нұр ұшқын.
Кездессем көзіммен иіліп,
Мен іштей таныстым, білістім.
Істейтін өзгеше бар ма ермек?
Бір ғажап азапты жүктейсің.
Қарамай қалуға дәрмен жоқ,
Қарасам қалады бітпей тіл.
Жігерім жете алмай «Сәлемге»,
Тіл бүгіп қалыппын тағы да.
«Тыныштық» дейтұғын әлемге,
Мен үнсіз бейілмен бағынам.
Қасымнан өтесің күлімдеп,
Қасыңнан өтемін сүрініп.
Дүние тұрады дірілдеп,
Сендегі кірпікке ілініп.
Бар әлем көзіңнің ішінде,
Көзіңнің ішінде - кең дала.
Сол жаққа өңім мен түсімде,
Ене алмай жүрген жан мен ғана...
***
Төгіліп түсті тегі жыр өніп,
Толқын сезімім тулағасын ба?
Сен басқа адамның серігі болып,
Сейіл құрасың су жағасында.
Сыртыңнан сонда торыдым жатып,
Торы мұңға бұл бөленбеген ем.
Толқытқан бойды тобығың батып,
Сен көрген толқын – мен өрген өлең.
Жібектей жаулап басты көлдей мұң,
Бойымды баурап Баяндай күлдің.
Сүймеймін сені, жақсы көрмеймін,
Дегім келеді, дей алмай жүрмін.
Кеудесін тосып, жебеден де өлген,
Махаббат желі желпиді көне.
Қозы Көрпеш пен Төлегендерден,
Бекежан, Қодар кем сүйді деме.
Күрсінтпес өмір күле білгенді,
Сезім жорығы – бұлыңғыр елес.
Жаулап аламын жүрегіңді енді,
Бейбіт жолменен зұлымдық емес.
***
Дір етті сезім дір етті,
Сүйеміз сөйтіп бәріміз.
Езілтіп ғазиз жүректі,
Егіліп ғасыл жанымыз.
Дүрдараз болып алыппыз,
Махаббаттан жан үркіді.
Сүйем деп айту парықсыз,
Күйем деу тіпті күлкілі.
Бабаның сонау кезі үлгі,
Қол бұлғап кеткен бұл күннен.
Қос жанарындағы сезімді,
Қас-қабағыменен білдірген.
Қаншама ару қыз өтті-ау,
Ұнатам деп те айта алмай.
Сезімін үнсіз құм етті-ау,
Сыртынан түк те байқалмай.
Талайлар солай қамықты,
Деп түйдік бір сәт бекерге ой.
Ар дейтін екі-ақ әріпті,
Арзандатпаған екен ғой.
Солардың күйік, шері үшін,
Алдында басты иер ме ең?!
Сүйе алмай кеткендер үшін,
Біреуді ессіз сүйем мен!
Күрсінбе
Көктің шарабы,
Жаңбыр жауады.
Сыбдыр молайып,
Әнге салады.
Аспан егілді,
Жасы төгілді.
Сенің жасыңа,
Өмір көмілді.
Жалғыз жүрсің бе?
Қашқан күлкің де.
Аспан секілді,
Жаным, күрсінбе!
Бәрі басылар,
Тәңір бақылар.
Қара бұлтынан,
Аснан ашылар.
Жаның жай табар,
Бағың жайқалар.
Мендей сыр саған,
Кім кеп айта алар?!
Күрсінбе!
Нәзік гүл
Терезенің жақтауында қауыз жарған гүл нәзік,
Кетсем бе екен жапырағына күлгін түсті мұң жазып?
Мен бір гүлден қалдым бөлек, уысымнан шығардым,
Шындық үшін құлазыдым, шындық үшін қуандым.
Жек көруге күштеп жүрмін жүрегімді барынша,
Жұтар едім ойланбастан дәрісі оның табылса.
Сен алысқа кеткен сайын барасың-ау жақындап,
Тәуліктерге жұтылады сезім байғұс лапылдап.
Жырым бүгін жабырқады, жалтарасың деме сен,
Қызыл гүлім, қызылыңа ғашық болған емес ем.
Кірпігімде көлбеңдейді сары сағым қас-қағым,
Қауызыңды жарасың-ау топырағына басқаның.
Құдыретке жүгінсем де, басталады жол жаңа,
Өкінішті сол ғана.
...Терезенің жақтауында қауыз жарған гүл нәзік,
Кеттім жасыл жапырағына күлгін түсті мұң жазып.
Сен үшін
Ашылғанда көңілімнің түндігі,
Сен деп нұрын төгеді екен күн нұры.
Әуенімен тербетеді жер-көкті,
Сен деп сайрап жүрегімнің бұлбұлы.
Көкжиектен қылаң беріп қызыл күн,
Кескігіңе қарай-қарай сүзілдім.
Пердесінен пәктік қана көрдім мен,
Періште кеп ұялаған жүзіңнің.
Жатырқайсың қылықтым-ау сен несін?!
Жүрегіңе сенім келіп төрлесін.
Махаббаттың күйін шертіп отырам,
Сезімімнің басып сұлу пернесін.
Күйін шертіп сен деп соққан жүректің,
Олқы жерін уақыт өте түзеттім.
Сол әуенмен қалықтар деп көгімде,
Алақаннан ақ көгершін түлеттім.
Бәрі-бәрі бір сен үшін, керімім,
Ай аймалап, күн сүйсінген көрігің -
Махаббатта менің басты тірегім -
Сенің, еркем, күмәні жоқ сенімің.
Бір арманға жеткізер ме жүз үміт,
Қайта жалғап кетсе бірі үзіліп.
Махаббаттың әуенінің мәуелі,
Кетпесе екен құлақ күйі бұзылып.
Сүйе аларсың сен де солай мені шын,
Өзің деумен кеңейеді өрісім.
Сенбейсің-ау деп толқиды бұ жүрек,
Сенсең бәрі сен үшін.
Мұң
Сағынып сені тарылып тегі тыныс тым,
Сүйсінгіш едім сүйкімді сенің көркіңе.
Сезімге бойлап, көзіңде ойнап бір ұшқын,
Жандырды-ай жүз от қалдырмай жүрек еркіме.
Еркелігіңді жеңсе бүгінгі сезімің,
Сен сеніміңді ерте бүлінді демегін.
Жырымды саған, мұңымды саған телідім,
Жоқ айып мұнда ғажайып сырға бөле мың.
Мәнсіз махаббат, әлсіз махаббат сенбеуде,
Өзіңсіз қалып көңілсіз ғаріп күйдемін.
Тағы мұң қалар жарығын жағар кеудемде,
Сабырымды алар жазығым болар сүйгенім.
Қыламын жарық шырағын жағып үміттің,
Өткен жақтарға, кеткен шақтарға үңілдім.
Барлығы есімде қарлы кешінде суықтың,
Қызарғаны да, қуанғаны да жүзіңнің.
Күндерді талай, түндерді санай күзеткен,
Шарқ ұрды сезім, таусылды төзім, сабырым.
Өкінгін деме, өшірдім деме жүректен,
Оралшы қайта, қол алшы қайта, жарығым.
***
Өрт елесің, өзекті өртемеші,
Еркелеші еркем кел, еркелеші.
Асыл мүсін көркіңе масайраған,
Басым бүтін болғанмен бөлшек есі.
Қасыңда мен жүріппін байқамастан,
Жасырған ем, еркіммен тайталасқам.
Таң алмасып құпиям әшкере енді,
Саған ғашықтығымды айтады аспан.
Көңіл гүлін тербейді күліп таңдар,
Сезім жырын қостаған бұлт, таулар.
Сырға байып даламен үндесетін,
Бұл ғажайыр сәтімді ұмытпаңдар.
Бізге, сірә, сенбесең сына мені,
Гүлден сұра шертілген сыр әуені.
Бар төзімнің біткенін саған айтсын,
Жан сезімнің жаны жоқ куәгері.
Пенделіктер ішіндегі пенделік
Тоқсан бес түмен түзем құрып, түрген сап,
Сүреңденген сары далада сүрлеу сап.
Тұлпарлардың тұяғынан от өрген,
Жеті қат жердің шаң қағын,
Жеті қат көкке көтерген.
Жарты әлемді жалпағынан бағындырған Шыңғыс хан,
Қарсы келген дәті берік кіл дұшпан,
Ойран топыр орға құлап тобыры,
Қан майданда жер жастанып, қыр құшқан.
Аспан астын әміріне қарату –
Арман туы көтерілді
Тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ала ту!
Айбатынан алты ғалам түршігіп,
Қаһарына қарсы келе алмаған.
Қайратынан қарыс елі танбаған.
Қан сусаған қайқы қылыш сусылдап,
Қынабында тұра алмас.
Ақық асыл жарқылдаған жүзі алмас.
Орхон менен Керуленнің арасы,
Өтүкеннің байырқатты даласы.
Кіндік етіп қанып ішкен тұнығын,
Күн батысқа құлаштатып құзырын.
Алтын босағалы ақ орда,
Күміс жақтау арқалық,
Көк тіретіп тік тұрғызған тұғырын.
Қара жерді қайыстыра құба жоннан құлатып
Сан мың тұяқ түлігін.
Гүлдариға ару сүйген, білекке орап бұрымын.
Пенделік деп қайтейін?
Ел бірлігі еміренген ерге құт,
Ұлтарақтай ұйпаланған жер де құт.
Ұлан-ғайыр атырапты кем көріп,
Кере қарыс қабағыңды кең керіп.
Дүниеге қызыл көзбен қарадың,
«Пенделіктер ішіндегі пенделік».
Жеңісті ерге айналғанда ең дара,
Табаныңда жорғалады түгелі.
Ермек емес, еншің болып иен дала,
Таразысы тең тағдыр,
О, қаһарман, Темүжүн!
О, баһадүр, хан Шыңғыс!
Бұйырғаны барлығынан жеті сүйем жер ғана,
Жан білмейтін жермен-жексен көр мола,
Неткен ғаламат пенделік?!
***
Сағынып жүрмін ауылды Барқытбелдегі,
Өзге елді сенен бұл балаң артық көрмеді.
Төбемнен өтті қаңқылдап сары ала қаздар,
Қиқуы менің кеудемді шалқып кернеді.
Сары ала қаздың қайтқаны салқын келгені,
Сағынышымды үдетті әр күндер менің.
Қара тай мініп қиқулап көсіле шапқан,
Аңсатады ғой боз жусан алтын белдегі.
Өз ортасынан іздейді тағылым пенде,
Бірімін соның жарқыра, жарығым сөнбе.
Қалада өсіп жайқалып көркейсем егер,
Тереңдеріне таралар тамырым сенде.
«Туған жер» десе ойнайды сағыныш әні,
Санамда ойлар сан саққа сабылысады.
Өмірім осы қалада өтіп жатса да,
Көңілім мені ауылға алып ұшады.
Алайда, мұнда оқудан жалықпағанмын,
Жұлдызы болу мақсатым жарық ғаламның.
Сағынышыммен басуға мауқымды мынау,
Амандық болса аз күнде барып қалармын.
***
Көшесінде Алматының көктем жүр,
Көшесінде Алматының көлік жүр.
Бой жылытып ескек самал ескен бір,
Сілкінгендей жер-дүние өмір дүр.
Тереземнің сырт жағынан сығалап,
Қимай-қимай еріп, жылап қыс кетті.
Жасыл киіп Алатау мен қыр, алап,
Қанатынан көктем маулап құс кепті.
Мезгіл жетіп жалғас тапты ертегім,
Көреді екем өзіңді ылғи түсімде.
Қабағыңнан көктем іздеп мен сенің,
Жүргендеймін өңкей елес ішінде.
Манас Қайыртай – 1994 жылы мамыр айының 20-сында ШҚО, Тарбағатай ауданы, Өкпеті тауында туған. "Барқытбел" атты жыр жинғы жарық көрген. Қазір «31 арна» жаңалықтар қызметінің тілші-редакторы.
Манас Қайыртай–1994 жылы мамыр айының 20-сында ШҚО, Тарбағатай ауданы, Өкпеті тауында туған.
Қазір «31 арна» жаңалықтар қызметінің тілші-редакторы
***
Құпия тұнған сыр құйылып,
Тұңғиық жанарың нұр ұшқын.
Кездессем көзіммен иіліп,
Мен іштей таныстым, білістім.
Істейтін өзгеше бар ма ермек?
Бір ғажап азапты жүктейсің.
Қарамай қалуға дәрмен жоқ,
Қарасам қалады бітпей тіл.
Жігерім жете алмай «Сәлемге»,
Тіл бүгіп қалыппын тағы да.
«Тыныштық» дейтұғын әлемге,
Мен үнсіз бейілмен бағынам.
Қасымнан өтесің күлімдеп,
Қасыңнан өтемін сүрініп.
Дүние тұрады дірілдеп,
Сендегі кірпікке ілініп.
Бар әлем көзіңнің ішінде,
Көзіңнің ішінде - кең дала.
Сол жаққа өңім мен түсімде,
Ене алмай жүрген жан мен ғана...
***
Төгіліп түсті тегі жыр өніп,
Толқын сезімім тулағасын ба?
Сен басқа адамның серігі болып,
Сейіл құрасың су жағасында.
Сыртыңнан сонда торыдым жатып,
Торы мұңға бұл бөленбеген ем.
Толқытқан бойды тобығың батып,
Сен көрген толқын – мен өрген өлең.
Жібектей жаулап басты көлдей мұң,
Бойымды баурап Баяндай күлдің.
Сүймеймін сені, жақсы көрмеймін,
Дегім келеді, дей алмай жүрмін.
Кеудесін тосып, жебеден де өлген,
Махаббат желі желпиді көне.
Қозы Көрпеш пен Төлегендерден,
Бекежан, Қодар кем сүйді деме.
Күрсінтпес өмір күле білгенді,
Сезім жорығы – бұлыңғыр елес.
Жаулап аламын жүрегіңді енді,
Бейбіт жолменен зұлымдық емес.
***
Дір етті сезім дір етті,
Сүйеміз сөйтіп бәріміз.
Езілтіп ғазиз жүректі,
Егіліп ғасыл жанымыз.
Дүрдараз болып алыппыз,
Махаббаттан жан үркіді.
Сүйем деп айту парықсыз,
Күйем деу тіпті күлкілі.
Бабаның сонау кезі үлгі,
Қол бұлғап кеткен бұл күннен.
Қос жанарындағы сезімді,
Қас-қабағыменен білдірген.
Қаншама ару қыз өтті-ау,
Ұнатам деп те айта алмай.
Сезімін үнсіз құм етті-ау,
Сыртынан түк те байқалмай.
Талайлар солай қамықты,
Деп түйдік бір сәт бекерге ой.
Ар дейтін екі-ақ әріпті,
Арзандатпаған екен ғой.
Солардың күйік, шері үшін,
Алдында басты иер ме ең?!
Сүйе алмай кеткендер үшін,
Біреуді ессіз сүйем мен!
Күрсінбе
Көктің шарабы,
Жаңбыр жауады.
Сыбдыр молайып,
Әнге салады.
Аспан егілді,
Жасы төгілді.
Сенің жасыңа,
Өмір көмілді.
Жалғыз жүрсің бе?
Қашқан күлкің де.
Аспан секілді,
Жаным, күрсінбе!
Бәрі басылар,
Тәңір бақылар.
Қара бұлтынан,
Аснан ашылар.
Жаның жай табар,
Бағың жайқалар.
Мендей сыр саған,
Кім кеп айта алар?!
Күрсінбе!
Нәзік гүл
Терезенің жақтауында қауыз жарған гүл нәзік,
Кетсем бе екен жапырағына күлгін түсті мұң жазып?
Мен бір гүлден қалдым бөлек, уысымнан шығардым,
Шындық үшін құлазыдым, шындық үшін қуандым.
Жек көруге күштеп жүрмін жүрегімді барынша,
Жұтар едім ойланбастан дәрісі оның табылса.
Сен алысқа кеткен сайын барасың-ау жақындап,
Тәуліктерге жұтылады сезім байғұс лапылдап.
Жырым бүгін жабырқады, жалтарасың деме сен,
Қызыл гүлім, қызылыңа ғашық болған емес ем.
Кірпігімде көлбеңдейді сары сағым қас-қағым,
Қауызыңды жарасың-ау топырағына басқаның.
Құдыретке жүгінсем де, басталады жол жаңа,
Өкінішті сол ғана.
...Терезенің жақтауында қауыз жарған гүл нәзік,
Кеттім жасыл жапырағына күлгін түсті мұң жазып.
Сен үшін
Ашылғанда көңілімнің түндігі,
Сен деп нұрын төгеді екен күн нұры.
Әуенімен тербетеді жер-көкті,
Сен деп сайрап жүрегімнің бұлбұлы.
Көкжиектен қылаң беріп қызыл күн,
Кескігіңе қарай-қарай сүзілдім.
Пердесінен пәктік қана көрдім мен,
Періште кеп ұялаған жүзіңнің.
Жатырқайсың қылықтым-ау сен несін?!
Жүрегіңе сенім келіп төрлесін.
Махаббаттың күйін шертіп отырам,
Сезімімнің басып сұлу пернесін.
Күйін шертіп сен деп соққан жүректің,
Олқы жерін уақыт өте түзеттім.
Сол әуенмен қалықтар деп көгімде,
Алақаннан ақ көгершін түлеттім.
Бәрі-бәрі бір сен үшін, керімім,
Ай аймалап, күн сүйсінген көрігің -
Махаббатта менің басты тірегім -
Сенің, еркем, күмәні жоқ сенімің.
Бір арманға жеткізер ме жүз үміт,
Қайта жалғап кетсе бірі үзіліп.
Махаббаттың әуенінің мәуелі,
Кетпесе екен құлақ күйі бұзылып.
Сүйе аларсың сен де солай мені шын,
Өзің деумен кеңейеді өрісім.
Сенбейсің-ау деп толқиды бұ жүрек,
Сенсең бәрі сен үшін.
Мұң
Сағынып сені тарылып тегі тыныс тым,
Сүйсінгіш едім сүйкімді сенің көркіңе.
Сезімге бойлап, көзіңде ойнап бір ұшқын,
Жандырды-ай жүз от қалдырмай жүрек еркіме.
Еркелігіңді жеңсе бүгінгі сезімің,
Сен сеніміңді ерте бүлінді демегін.
Жырымды саған, мұңымды саған телідім,
Жоқ айып мұнда ғажайып сырға бөле мың.
Мәнсіз махаббат, әлсіз махаббат сенбеуде,
Өзіңсіз қалып көңілсіз ғаріп күйдемін.
Тағы мұң қалар жарығын жағар кеудемде,
Сабырымды алар жазығым болар сүйгенім.
Қыламын жарық шырағын жағып үміттің,
Өткен жақтарға, кеткен шақтарға үңілдім.
Барлығы есімде қарлы кешінде суықтың,
Қызарғаны да, қуанғаны да жүзіңнің.
Күндерді талай, түндерді санай күзеткен,
Шарқ ұрды сезім, таусылды төзім, сабырым.
Өкінгін деме, өшірдім деме жүректен,
Оралшы қайта, қол алшы қайта, жарығым.
***
Өрт елесің, өзекті өртемеші,
Еркелеші еркем кел, еркелеші.
Асыл мүсін көркіңе масайраған,
Басым бүтін болғанмен бөлшек есі.
Қасыңда мен жүріппін байқамастан,
Жасырған ем, еркіммен тайталасқам.
Таң алмасып құпиям әшкере енді,
Саған ғашықтығымды айтады аспан.
Көңіл гүлін тербейді күліп таңдар,
Сезім жырын қостаған бұлт, таулар.
Сырға байып даламен үндесетін,
Бұл ғажайыр сәтімді ұмытпаңдар.
Бізге, сірә, сенбесең сына мені,
Гүлден сұра шертілген сыр әуені.
Бар төзімнің біткенін саған айтсын,
Жан сезімнің жаны жоқ куәгері.
Тоқсан бес түмен түзем құрып, түрген сап,
Сүреңденген сары далада сүрлеу сап.
Тұлпарлардың тұяғынан от өрген,
Жеті қат жердің шаң қағын,
Жеті қат көкке көтерген.
Жарты әлемді жалпағынан бағындырған Шыңғыс хан,
Қарсы келген дәті берік кіл дұшпан,
Ойран топыр орға құлап тобыры,
Қан майданда жер жастанып, қыр құшқан.
Аспан астын әміріне қарату –
Арман туы көтерілді
Тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ала ту!
Айбатынан алты ғалам түршігіп,
Қаһарына қарсы келе алмаған.
Қайратынан қарыс елі танбаған.
Қан сусаған қайқы қылыш сусылдап,
Қынабында тұра алмас.
Ақық асыл жарқылдаған жүзі алмас.
Орхон менен Керуленнің арасы,
Өтүкеннің байырқатты даласы.
Кіндік етіп қанып ішкен тұнығын,
Күн батысқа құлаштатып құзырын.
Алтын босағалы ақ орда,
Күміс жақтау арқалық,
Көк тіретіп тік тұрғызған тұғырын.
Қара жерді қайыстыра құба жоннан құлатып
Сан мың тұяқ түлігін.
Гүлдариға ару сүйген, білекке орап бұрымын.
Пенделік деп қайтейін?
Ел бірлігі еміренген ерге құт,
Ұлтарақтай ұйпаланған жер де құт.
Ұлан-ғайыр атырапты кем көріп,
Кере қарыс қабағыңды кең керіп.
Дүниеге қызыл көзбен қарадың,
«Пенделіктер ішіндегі пенделік».
Жеңісті ерге айналғанда ең дара,
Табаныңда жорғалады түгелі.
Ермек емес, еншің болып иен дала,
Таразысы тең тағдыр,
О, қаһарман, Темүжүн!
О, баһадүр, хан Шыңғыс!
Бұйырғаны барлығынан жеті сүйем жер ғана,
Жан білмейтін жермен-жексен көр мола,
Неткен ғаламат пенделік?!
***
Сағынып жүрмін ауылды Барқытбелдегі,
Өзге елді сенен бұл балаң артық көрмеді.
Төбемнен өтті қаңқылдап сары ала қаздар,
Қиқуы менің кеудемді шалқып кернеді.
Сары ала қаздың қайтқаны салқын келгені,
Сағынышымды үдетті әр күндер менің.
Қара тай мініп қиқулап көсіле шапқан,
Аңсатады ғой боз жусан алтын белдегі.
Өз ортасынан іздейді тағылым пенде,
Бірімін соның жарқыра, жарығым сөнбе.
Қалада өсіп жайқалып көркейсем егер,
Тереңдеріне таралар тамырым сенде.
«Туған жер» десе ойнайды сағыныш әні,
Санамда ойлар сан саққа сабылысады.
Өмірім осы қалада өтіп жатса да,
Көңілім мені ауылға алып ұшады.
Алайда, мұнда оқудан жалықпағанмын,
Жұлдызы болу мақсатым жарық ғаламның.
Сағынышыммен басуға мауқымды мынау,
Амандық болса аз күнде барып қалармын.
***
Көшесінде Алматының көктем жүр,
Көшесінде Алматының көлік жүр.
Бой жылытып ескек самал ескен бір,
Сілкінгендей жер-дүние өмір дүр.
Тереземнің сырт жағынан сығалап,
Қимай-қимай еріп, жылап қыс кетті.
Жасыл киіп Алатау мен қыр, алап,
Қанатынан көктем маулап құс кепті.
Мезгіл жетіп жалғас тапты ертегім,
Көреді екем өзіңді ылғи түсімде.
Қабағыңнан көктем іздеп мен сенің,
Жүргендеймін өңкей елес ішінде.