25 сәу, 2022 сағат 12:24

Мамырда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін?

Фото:elements.envato.com

Қазгидромет синоптиктері мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Статистикалық болжамға сәйкес, мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады деп күтіліп отыр.

Орташа құрғақшылық:

Ақтөбе облысы: Әйтеке би және Хромтау аудандарында;

Қостанай облысы: Жангелді ауданында;

Қызылорда облысы: Қазалы ауданында;

Маңғыстау облысы: Маңғыстау ауданында.

"Орташа ылғалды жағдайлар негізінен, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде болады", - делінген хабарламада.