01 сәу, 2019 сағат 18:13

Мамин Петербург трактор зауытының бас директорымен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Петербург трактор зауыты» АҚ бас директоры Сергей Серебряковпен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz порталына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері және Қазақстанда «Кировец» тракторлары өндірісін дамыту перспективалары талқыланды. 

Зауыттың бас директоры Сергей Серебряков тракторларды құрастыруды ұйымдастыру, құрамдас бөліктері: айқартопсалы білік, дөңгелек дискілері және «АгромашХолдинг KZ» қуаттылығында басқа да жиынтық бөліктері өндірісін құру бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. 

Өндірісті жергіліктендіруді үш кезеңмен: 2019, 2021, 2023 жылдары іске асыру жоспарланған.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Петербург трактор зауыты» АҚ-мен бірлесіп, бірлескен ынтымақтастықты іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырды. 

Қазақстанда «Петербург трактор зауыты» АҚ өнімі сұранысқа ие. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жыл сайынғы сұраныс шамамен 400 тракторды құрайды.