05 қар, 2021 сағат 17:08

Мамин Қазақстандағы инвестициялық жағдайға түсінік берді


Қазақстан экономиканы қалпына келтіруде елеулі өрлеуді байқатып отыр. Бұл туралы Бішкекте «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық экономикадағы тәуекелдерге қарамастан, 2021 жылғы 9 айда елдің Жалпы ішкі өнімі 3,4 пайызға артты. Осы қарқынның арқасында экономика өндірістің пандемияның алдындағы көрсеткішіне жетті», - деді Асқар Мамин. 

Оның айтуынша, инвесторларға қатысты қадамдар түзелген, бұған капитал нарығының қарқыны дәләл болып тұр. 

«Тікелей шетел инвестициясы Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 30 пайыздан астам өсті. Ал ЕО-дан тікелей шетел инвестициясы 15 пайызға артты», - деді Үкімет басшысы. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Бішкекте Премьер-Министрлер деңгейінде «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумы басталды.