Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында жауапты министрліктер мен әкімдіктерге жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әуелі Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдіктермен және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компниясымен бірлесіп, жоспарланған жобалардың уақтылы іске қосылуын және биыл жыл соңына дейін бөлінген қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Ал Энергетика министрлігіне құрылыс маусымының қызған шағында бағалардың өсуіне жол бермей, барлық жобаларға битумның мәлімделген қажеттілігін қамтамасыз етуді жүктеді.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы жыл соңына дейін реконструкцияланған учаскелерде «ақы төлеуді» өнеркәсіптік пайдалануға енгізе отырып, автомобиль жолдарын өзін-өзі қамтамасыз етуге көшіру бойынша жұмысты аяқтау қажеттігін атап өтті. Облыс әкімдіктеріне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жол бойындағы сервис объектілерін жаңғырту және оларды Ұлттық стандартқа сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.
«Қойылған міндеттерді іске асырудың тиімділігі аса маңызды. Барлық іс-шаралар белгіленген мерзімдерде аяқталуы тиіс», - деді Мамин.