18 шіл, 2022 сағат 22:13

Мамандар Бәйдібекте су құбырында жыланның қалай пайда болғанын түсіндірді


Бәйдібек ауданы Боралдай ауылында ауыз су құбырынан шыққан жыланға қатысты «Бәйдібек-Су» мекемесінің мамандары түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандар оқиға орнында болып, зерделеу жұмыстарын жүргізген. 

«Боралдай ауылының тұрғыны жеке ауласындағы су есептегіш құралын «Бәйдібек су» мекемесінің рұқсатынсыз және қай уақытта алып тастағаны белгісіз. Тексеру барысында және видеодан көрініп тұрғандай су есептегіш құралы болмағандықтан ашық тұрған су құбырына жылан басымен сырттан кіріп тұр. 17 шілде күні Боралдай елді мекенінің ауыз су жинайтын резервуары мен құбырларының суы толық төгіліп, бүгінгі күні «Бәйдібек су» мекемесі тарапынан залалсыздандыру (хлорлау) жұмысы жүріп жатыр», - дейді «Бәйдібек-Су» МКМ баспасөз хатшысы Абзал Әбдіназар.