Алматының мамандандырылған ХҚКО-ларының бірі бұрынғы мейрамхана ғимаратына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әңгіме бұрын "Жетісу" базары ғимаратында орналасқан №5 мамандандырылған ХҚКО туралы болып отыр. Әлеуметтік желілерде ХҚКО қызметкерлері келушілерді мейрамхана ғимаратында қалай қабылдап жатқаны көрінетін видео жарияланды. Сонымен қатар, ол Құлжа тасжолы бойында, базарға жақын жерде орналасқан. Кадрларда күзетшілердің бір бөлмеде, ал екінші бөлмеде кезекке талон ұсынып, кеңес беретін қызметкерлер отырғанын көруге болады. Ең үлкен бөлмеде автосалон қызметін көрсететін қызметкерлер отырады.
"Міне, бұл - дағдарыс. Тойхана енді керек емес секілді", - деді видео авторы.
"Азаматтарға арналған үкімет" мәліметінше, мамандандырылған ХҚКО филиалын шағымдардан кейін басқа жерге көшіру туралы шешім шығарылған. Бұрын келушілер жұмыс істемеуіне байланысты бұрынғы ғимаратқа наразы болған еді.
"Бұрын ақылы автотұрақ болды. Жуынатын бөлменің жағдайы нашар болды. Сондай-ақ, салқындату жүйесі іске қосылмаған болды. Бөлімді Құлжа тасжолы бойындағы неғұрлым ыңғайлы ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді мемлекеттік корпорация өкілі.
Мамандандырылған ХҚКО-ның жаңа ғимараты ыңғайлы жерде орналасқан. 200 көлікке арналған жеке автотұрағы, санитария талаптары мен нормаларға сай келетін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустары бар. Мейрамхана иесі ғимаратты тегін жалға берді. ХҚКО тек коммуналды шығындарды төлейді.
792 рет оқылды