15 мау, 2022 сағат 15:15

Маховка өзенінде балықтың неден қырылғаны анықталды


ШҚО Маховка өзеніндегі балық су алабының тартылуынан қырылды. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Кожиков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған су алабы бойынша тиісті зерттеу жұмыстары жүргізілді. Судың ластануы туралы дерек анықталған жоқ. Балықтардың қырылуы өзеннің тартылуы салдарынан болған. Сондай-ақ қыс мезгілі аяқталғаннан кейін ұсақ балықтарға оттегі жетіспейді. Осындай себептерге байланысты аса ірі көлемдегі шығынға жатпайтын балық қырылды Ал тұрғындарды алаңдатқан өзеннің жасыл түске боялуы – ол табиғи құбылыс. Сәуір және мамыр айларында су асты өсімдіктері түлеп, арнайы бояу бөледі», – Ерболат Кожиков.