© Photo: Маңғыстау облысы әкімдігі
"МАЭК" ЖШС ЖЭС №3 энергоблокта жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жұмыс барысында генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделді. Оқшаулау өлшемі оң нәтиже көрсеткен соң щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Одан соң энергоблокты іске қосуға дайындық жұмыстары жасалды. Жөндеу жұмыстары үзіліссіз, тәулік бойы жүргізілді.
Энергоблок 19 тамызда іске қосылды. МАЭК қызметкерлері орын алған төтенше жағдайды тезірек жою үшін жұмыла еңбек етті" - делінген хабарламада.
Айта кетейік, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша электр энергиясын берудегі барлық шектеулер алынып тасталған (Мұнай және өнеркәсіп секторын қоса алғанда).