Фото: primeminister.kz
ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Күміс Қарсақбайқызы Сейітова ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күміс Сейітова 1970 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Жезқазған педагогтік институтын, "Болашақ" Академиясын, Д.Қонаев атындағы университетті бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Дарья ауылы, Дарья стансасындағы желілік ауруханада кіші медбике болып бастады.
1993-1995 жылдары - Қазақстан жастары Жезқазған облыстық комитетінің екінші хатшысы.
1995-2004 жылдары Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер, экскурсовод, директордың орынбасары, директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2004-2005 жылдары - "ҚР Әділет органдары, мемлекеттік және өзге ұйымдардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" ЖАҚ әдістемелік, оқу-әдістемелік орталық бөлімінің жетекші маманы, ұйымдастырушылық-кадр жұмыс бөлімінің меңгерушісі.
2005-2017 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.
2017-2019 жылдары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры.
2019-2021 жылдары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры.
2021 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.