Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желіде тарап кеткен хабарламаға қатысты түсініктеме берді.
"Құрметті қала тұрғындары!
Қазіргі уақытта Шымкент қаласында әлеуметтік желілерде «Луна» жарылғыш заты 2 сағат ішінде жарылады деген мәліметтер таратылуда.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпараттың жалған екенін хабарлайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.