Фото: Telegram-Mash
"Лукойлдың" бұрынғы топ-менеджері, миллиардер Александр Субботин Мытищиде емшінің үйінен өлі табылды. Болжам бойынша, Субботин ол жерге емделуге барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram арнасына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, емші Магуа мен оның әйелі емделушілерді жеке үйде қабылдайтын болған. Сондай-ақ, Субботин ерлі-зайыптылардың қызметін үнемі пайдаланғаны белгілі болды. Соңғы сапары кезінде жүрегі ауырған. Емшілер жедел жәрдем шақырудың орнына Субботинге қандай да бір дәрі беріп, төсекке жатқызған, бірақ миллиардер қайтыс болған.