03 ақп, 2020 сағат 07:52

LRT мәселесі: елорадық автобустарға қатысты ақпарат шықты

Астана LRT компаниясына елордада қала маңына қатынайтын автобустарға қатысты соңғы ақпараттарды жариялады, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолының жабылуына байланысты № 317 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қалған қала маңына қатынайтын барлық бағдарлар желіде», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, қаламаңына қатынайтын бірқатар қоғамдық көлік кейбір аялдамаларға кірмейді.

№ 307 бағдары «Алай» базарына кірмей жүреді;

№ 310 бағдары Максимовка ауылы соңғы аялдамасына дейін трасса арқылы қатынайды;

№ 315 бағдары Ижевск ауылына кірмей жүреді;

№ 318 бағдар Шұбар ауылына кірмей жүреді;

№ 326 бағдары Талапкер ауылының соңғы аялдамасына дейін бармай, Эдем аялдамасына дейін жүреді.