Лондон полициясы 180 миллион фунт стерлинг немесе шамамен 250 миллион доллар болатын рекордтық криптовалютаны тәркіледі, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме жасап.
Бұл қаражатты қылмыскерлер Лондонда заңдастырған.
Осылайша, 24 маусымдағы рекорд жаңартылды. Ол кезде құны 114 миллион фунт криптовалюта тәркіленген болатын - шамамен 160 миллион доллар.
Жаңа тәркілеуге байланысты полиция 24 маусымда ақшаны заңдастырды деген күдікпен қамауға алынған әйелді қайта сұрастырғаннан кейін кепілдікпен босатты.
Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.