Лифттің ішінде балаларға күш көрсетіп жатқан ер адамның видеосы “Не молчи” Instagram парақшасында жарияланды. Оқиға 23 шілде күні сағат 16:36 шамасында болған, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"Видеоға өздеріңіз қараңыздаршы. Ол ешкім көріп қоймасын деп абайлап тұр. 10 жасар балаларды қалай "батыл" теуіп, ұрып жатыр", -деп жазылған жазбада.
Парақшада Алматы қаласының полиция депортаментін белгілеп, болған жағдайды дереу қолға алуын және ҚР ҚК 293 бабы бойынша іс қозғауды сұраған.
"Бізде осы сияқты тағы бір іс бар. Онда жасөспірім баланы көршісі ұрған. Ол да Алматыда болған оқиға. Толығырақ ертең жариялаймыз", -делінген жазбада.