Қызылордалық құрылысшылар Түркістан облысы Арыс қаласындағы өздеріне тапсырылған жұмысты толығымен аяқтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қызылорда облысына Арыс қаласында №6 аумақ бекітілген. Онда: 268 тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 кәсіпкерлік нысан бар. Қалпына келтіруге жатпайтын үйлердің бірі бұзылып, орнына жаңа үй сатып алынды. Оған қоса көп қабатты үйдің бірінде пәтері жарамсыз күйге түскен 93 жастағы кейуана, 60 жастағы мүгедек және 19 жастағы жас азамат тұратын отбасыға да осындай жәрдем көрсетілді. Мұндай қамқорлық бір аулада орналасқан тұруға жарамсыз болып қалған екі үй тұрғындары үшін де жасалды.
Қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған болатын.