Қызылорда қаласында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының жылдық қорытынды кеші өтті. 2018 жыл Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанатына табысты жыл болды деуге болады. Аймақтағы кітапханаларды заман талабына сай жаңғыртып жастарға тартымды етіп, қала, аудан орталығындағы кітапханалар «Білім орталықтарына» айналды.
Жастар қанатының бастамасымен «English for jastar» жобасы аясында облыстың барлық 7 ауданында 11 ерікті ағылшын тілін оқушыларға тегін оқытты. Қазіргі таңда облыста 350 оқушы ағылшын тілін тегін үйреніп, деңгейлерін арттыруда.
Республикалық «Жас Отан» ЖҚ Съездінің ізімен Қызылорда облысында «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен 500 жастың қатысуымен «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» атты облыстық жастар форумы ұйымдастырылды. Форумға облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев арнайы қатысқан. Форумның қорытындысымен «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» атты 2021 жылға дейінгі тұжырымдама қабылданып жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жылдық қорытынды кеште облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Т.Тілес жастар жылы қарсаңында «Жастар жылындағы жетістігің» атты республикалық акциясын жариялады. Бұл акцияға еліміздің барша жастары үлес қосып қатыса алады.
Акция мақсаты еліміздегі барша жастарды жастар жылында өміріндегі маңызды жетістікке жетуіне үндеу, шақыру болып табылады. Акция 2019 жылдың желтоқсан айының 10 күніне дейін жалғасатын болады. Акцияға қатысу жастар арасында кеңінен танымал (Facebook, Instagram) әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асады. Акцияға қатысуға ниетті әрбір жас аталған әлеуметтік желілерде жастар жылындағы жеткен өзінің жетістігін #JJJ2019 хештегімен жариялайды.
«Жастар жылында жастық жалынымызбен жалындап, еліміздің дамуына баршамыз үлес қосайық. Мысалы жастар жында жас дәрігер өзінің алғашқы немесе ең қиын операциясын жасауы мүмкін, жас ғалым жаңа жоба немесе ғылыми жаңалық ашуы мүмкін, жас спортшылар еліміздің байрағын желбіретуі мүмкін, жас ақын немесе жазушы өзінің жаңа кітабын, еңбегін аяқтауы мүмкін, жас егінші рекордтық өнім алуы мүмкін. «Акцияға барша еліміздің жастарын белсене қатысуға шақырамын» деді өз сөзінде Т.Тілес.
2019 жылдың желтоқсан айында «Жастар жылындағы жетістігің» акциясы қорытындысы ресми жарияланып, акцияға қатысушы жастардың жетістіктері кеңінен насихатталатын болады.