22 ақп, 2023 сағат 18:24

Қызылордалық үміткерлер сайлаушыларға әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстарды жеткізді


Мемлекет басшысының Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру туралы бірқатар заңға өзгерістер енгізген болатын. Соның бірі – биылдан бастап әйелдердің зейнет жасы 61 жас болып бекітілді. Алайда бұл өзгеріс алдағы бес жылға дейін сақталады. Сонымен қатар биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5  пайызға дейін артты. 

«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасында сырбойылықтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жоспарланған. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалы ұжымымен кездесуі барысында айтты. 

Үміткер Нұркен Бақытбекұлы сайлауалды бағдарлама тұрғындардың өмір сүруі сапасы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына бағытталғанын атап өтті. Онда ең әуелі азаматтарды баспанамен қамту, жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жақсарту үшін нақты істер қолға алынбақ.


Кездесуде өзге де кандидаттар кезек-кезек сөз алды.

Мәселен, үміткер Сағатбек Сиюов партия өзінің «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп келеді. Сайлауалды бағдарламасында да ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қоғамдық ортада және мектептер мен мемлекеттік балабақшаларда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауға ерекше назар аударып отыр.

«Менің сайлауға түсіп, Сіздердің алдарыңызда үгіт жүргізіп тұруымының өзі ерекше қажеттілікті қажет ететін азаматтардың партия назарынан тыс қалмайтындығын көрсетсе керек», - деп атап өтті ол.  


Өз кезегінде, сөз алған Гүлшат Мұсаева аталған мақсаттарға және тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін партияның Орталық деңгейден бастап өңірлердегі барлық саяси әлеуеті жұмылдырылатындығын атап өтіп, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Кездесу барысында сайлаушылар өздерін көкейдегі ұсыныс пікірлерін білдіріп, үгіт насихат тобы тарапынан назарға алынды.  

Тапсырыс беруші: Л.Б. Төрешова

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді