07 нау, 2023 сағат 20:33

Қызылордалық үміткерлер «Halyk Bank» ұжымымымен кездесті


Баспана – кім-кімнің де басты арманы. Ал, бұл бағытта мемлекет тарапынан көптеген бастама, бағдарламалар ел көлемінде сәтті жүргізіліп келеді. «AMANAT» партиясы да халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жолға қойған. Мәселен, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында таяудағы 5 жылда халықтың сұранысына орай, сапалы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру қарастырылған. Партия 730 мыңнан астам отбасы үшін қолжетімді бағадағы 78 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспарын іске асыруға кепіл болмақ.

Осы игі бастамаларды ел бойынша сәтті жүргізіп отырған құрылымдардың бірі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Бүгін «AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар партияның қалалық филиалында банк ұжымымен кездесті. 

Ашық форматтағы диалог алаңында облыстық сайлауалды бағдарламада 2027 жылға дейін барлық қаржыландыру көздерінен 3,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салуға ықпал ету жоспарда екені айтылды.


Партияластар баспана мәселесімен қатар, өзге де маңызды тақырыптарға қатысты пікірлерін білдірді. Мәселен, кандидат Гүлшат Мұсаева зейнет жасын қозғады.

«Зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсыныстар жиі көтеріледі. Партиялық бағдарламада ауыр өнеркәсіпте жұмыс жасайтындардың зейнет жасын қайта қарау туралы бастама бар. Орташа жалақыны, әлеуметтік төлемдерді есептеген кезде, ең төменгі жалақы көрсеткішіне сүйенеді. Ал, ол сомма өмірден мүлдем алшақ. Сондықтан орташа жалақы көлемі арқылы есептеу туралы айтылуда. Егер, осы көрсеткішпен есептелсе, қазір әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар 1,7 есеге артуы мүмкін» деген ол партиялық бағдарламаның 10 міндетіне негіз болған қоғамның 10 сұранысы туралы да айтып өтті.

Бұған қоса, «Жайлы мектеп» бағдарламасының тиімді тұстары сараланды. Ал, үміткер Нұркен Бақытбекұлы «Ауыл аманаты» партиялық жобасының ауыл тұрғындары үшін тиімді тұстары көп екенін айта келе, сайлаушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Үміткерлер ұжым қызметкерлерін 19 наурызда өтетін сайлауда «AMANAT» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы cайлау қорының қаражатынан төленді