20 сәу, 2022 сағат 10:39

Қызылордалық әйел өз баласын көшеге тастап, полицияға "тауып алғанын" хабарлаған

Иллюстрация: pixabay

Қызылордада әйел полицияға көшеден нәресте тауып алғанын хабарлады. Тексеру нәтижесінде, сәбидің анасы сол әйел болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 сәуірде сағат 19:30-да Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің маңында жаңа туған баланы табу дерегі бойынша ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.

"Полиция баланы тапқан ауыл тұрғыны сәбидің анасы екенін анықтады. Өзі босанып, полицияға "тауып алдым" деп жалған ақпарат берді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Қазіргі уақытта ана мен бала перзентханада емделіп жатыр.

"Соталды тергеу жалғасып жатыр", - деді полицейлер.